Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Шавкат Рахмонов әлем чемпионатының жүлдегерімен спарринг өткізді

Бүгін, 20:22

DAR Team Шавкат Рахмоновтің жаттығуынан видео жариялады

Шавкат Рахмонов әлем чемпионатының жүлдегерімен спарринг өткізді
UFC

Шавкат Рахмонов ұзақ үзілістен кейін жаттығу процесіне қайта оралды. DAR Team командасы Instagram парақшасында қазақстандық файтердің жаттығу залынан видеосын жариялады.

Кадрларда UFC жұлдызы әлем чемпионатының күміс жүлдегері Дулат Бекбауовпен спарринг өткізіп жатқаны көрсетілген. Бұл Шавкаттың денсаулығына байланысты ұзақ үзілістен кейінгі алғашқы қарқынды жаттығуларының бірі болды.

Еске салайық, Рахмонов соңғы жекпе-жегін 2024 жылдың желтоқсанында UFC 310 турнирінде өткізген еді. Сол кеште қазақстандық файтер ирландиялық Иэн Гэрриді төрешілердің бірауыз шешімімен жеңіп, кәсіби мансабындағы жеңіліссіз сериясын 19-0 көрсеткішіне дейін жеткізді.

Алайда осы кездесуден кейін Шавкат денсаулығына байланысты октагонға шықпай, жартылай орта салмақтағы UFC рейтингіндегі позициясынан айырылған болатын.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам