Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Қазақстандық файтер салмақ өлшеу рәсімінде сүрінді

Бүгін, 13:38

Дастан Амангелді Словакиядағы жекпе-жек алдында салмақ өлшеуден өте алмады

Қазақстандық файтер салмақ өлшеу рәсімінде сүрінді
MMA

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Дастан Амангелді Словакияның Братислава қаласында өткен Oktagon 89 турнирі алдындағы ресми салмақ өлшеу рәсіміне қатысты.

Жеңіл салмақ дәрежесінің жоғарғы шегі 61,7 келі болса, Дастанның салмағы 62,2 келіні көрсетті. Осылайша ол белгіленген талапты орындай алмады.

Ал оның қарсыласы Франция өкілі Моктар Бенкаси 61,4 келі көрсетіп, салмақ нормасына толық сай келді.

Ережеге сәйкес, қазақстандық спортшыға салмағын қайта реттеу үшін екі сағат уақыт берілді.

Айта кетейік, бұл Дастан Амангелдінің Oktagon ұйымындағы екінші жекпе-жегі. Ол дебюттік кездесуінде бразилиялық Вандерлей Жуниорды төрешілер шешімімен жеңген болатын.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам