Жаңа конкурс! Видеоны көріп, конкурстың шартымен танысып 5000 теңге ұтып ал!

Қуат Хамитовтің ақылы жоқ, таяз ойлайтын адам – ресейлік бапкер

15.05.2024, 17:38

Ол бұған дейін өзін ақылды спортшы деп мәлімдеген болатын

Қуат Хамитовтің ақылы жоқ, таяз ойлайтын адам – ресейлік бапкер
instagram.com/kuat__khamitov

Бапкер әрі менеджер Магомед Магомедов Metaratings.ru сайтына берген сұхбатында RCC 19 турнирінде Александр Шлеменкодан жеңіліп қалған қазақстандық файтер Қуат Хамитовті сынады.

«Шлеменкоға жанкүйерлік танытып, оның пайдасына 60/40 деп ойлағанмын. Бірақ Қуаттың поп-ММА-ға қатысты айтқан сөздерін естіп, Шлеменкоға деген құрметім 99%-ға артты, себебі Хамитовтің ақылы жоқ, таяз ойлайтын адам екен, ешқашан жастармен жұмыс істеп көрмеген, сондықтан аузына не келсе соны айтады. Халықты емес, өзінің қалтасы мен танымалдылығын ғана ойлайды. Шлеменконы сенімді түрде жеңіске жетуімен құттықтаймын», – деді Магомедов.

Естеріңізге сала кетейік, Шлеменко Хамитовті төрешілердің ортақ шешімімен жеңді. Екі төреші 30-27 деген ұпай берсе, біреуі 30-26 деп бағалады. 

Жекпе-жек алдында Қуат ресейлік қарсыласын қиындықсыз жеңетінін, өйткені өзінің ақылды файтер екенін мәлімдеген болатын. Алайда, ол жеңіліп қалды.

Сондай-ақ, қазақстандық файтер спорт матчтарын қарамайтынын, оның орнына поп-MMA көбірек қызықтыратынын да айтты.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам