Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Криштиану Роналдудың UFC-дегі «сүйікті файтері» белгілі болды

30.01.2025, 09:17

Даңқты футболшы Сауд Арабиясында өтетін UFC кештеріне үзбей барады.

Криштиану Роналдудың UFC-дегі «сүйікті файтері» белгілі болды
Getty Images

UFC лигасында өнер көрсететін ресейлік Шарабутдин Магомедов британиялық Майкл Пейджпен жекпе-жек алдындағы баспасөз жиынында «Әл-Наср» клубының жаттығу жиынына барғанын айтты.

«Шара Буллет» деген лақап аты бар файтер Сауд Арабиясының клубынан шақырту алған. Ол сол жаттығу кезінде атақты футболшы Криштиану Роналду әңгімелескен.

- «Әл-Насрдың» жейдесін кім сыйға тартты?

- Таңда мені «Әл-Насрдың» жаттығуына шақырды. Клуб прездиенті тегім жазылған жейдені сыйлады. Сол кезде Криштиану Роналдуды көрдім. Басқа да ойыншылармен көрістім. Роналдумен ұзақ сөйлестік. Ол өз қолтаңбасы қойылған жейдесін берді. Менің 1 ақпандағы жекпе-жегіме келіп, жанкүйер болатынын айтты. UFC лигасында чемпион атану мүмкіндігім бар екенін айтты. Осыған дейінгі жекпе-жектерімді көріпті. Ұнағанын айтты.

Айта кетейік, Роналду Сауд Арабиясында өтетін UFC кештеріне үзбей барады.

Біздің серіктес: FONBET

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам