
Төрешілердің бәрі бірауыздан англиялық файтердің жеңісін тіркеген
Эр-Риядта өткен UFC турнирінде 2025 жылдың басты жекпе-жектерінің бірі өтті. Дағыстандық даңқты файтер, Шара Буллет лақап атымен танымал Шарабутдин Магомедов (14-0) англиялық Майкл Пейджбен (22-3) төбелесіп, жеңіліп қалды.
Жекпе-жек орта салмақ дәрежесінде өтті және үш раундқа есептелді. 30 жастағы Шара Буллет рейтингте 14-орында болса, 37 жастағы Пейдж 15-сатыда еді.
Файтерлер үш раунд толық төбелесіп шықты. Десе де, Майкл Пейдж өз тәжірибесінің арқасында дағыстандықты қашықтықта ұстап, партерге кіріп әдіс жасауына жол бермеді. Нәтижесінде төрешілер 30:27, 30:27, 29:28 есебін тіркеді.
Осылайша, ағылшын файтері UFC лигасындағы екінші жеңісіне қол жеткізді, ол бір рет жеңілген. Ал, Шара Буллет болса мансабында алғаш рет жеңілді. UFC-де ол төрт рет жеңіске жеткен.