Ерсін Ерік «Реалды» қор қылды. Тауық сойса да қасап сойсын. Саусақ пен тіл үйлескенде…

АҚШ-та әлем чемпионы атанған әйел спортшы жынысын ауыстырған ер адам болып шықты

27.11.2025, 09:31

Турнир Техас штатының Арлингтон қаласында өткен

АҚШ-та әлем чемпионы атанған әйел спортшы жынысын ауыстырған ер адам болып шықты
instagram.com/blackjack.images

АҚШ-та өткен Strongman Games турнирінде топ жарған әйел спортшының нәтижесі араға бірнеше күн салып күшін жойды. Кейін белгілі болғандай ол трансгендер болып шыққан.

Оfficial Strongman Games ұйымы әлем чемпионатынан кейінгі жағдайға қатысты ресми мәлімдеме жасап, нәтижелер қайта қаралатынын хабарлады.

Аталған турнир Техас штатының Арлингтон қаласында өткен. Ұйымның мәліметінше, биологиялық жынысы ер адам өзін әйел ретінде таныстырып, әйелдер арасындағы Open санатында өнер көрсеткен.

«Бұл ақпарат жарыс басталар алдында да, кезінде де ресми өкілдерге хабарланбаған. Мәселе белгілі болған сәттен бастап ұйымдастырушылар шұғыл түрде тексеру жүргізе бастады. Спортшымен байланысу әрекеті нәтижесіз аяқталып, жауап алынбады», - деп жазды Оfficial Strongman Games ұйымы.

Ұйым дерегі бойынша, егер бұл жайт алдын ала белгілі болғанда немесе жарыс кезінде анықталғанда ол спортшының әйелдер арасында сынға түсуіне рұқсат берілмес еді.

«Атлеттер тек дүниеге келген кездегі биологиялық жынысы бойынша ғана жарысқа қатыса алады. Ұйым барлық спортшыларға ашық екенін, ешкімді жеке қасиеттеріне қарай кемсітпейтінін атап өтті. Алайда әділдік пен тең бәсекелестікті қамтамасыз ету - басты міндет. Осыған байланысты аталған спортшы 2025 жылғы Official Strongman World Championships жарысынан шеттетілді. Әйелдер Open санатындағы нәтижелер қайта есептеліп, әр спортшының лайықты орындары қайта тағайындалады. Біз барлық қатысушылардың жанкешті еңбегін құрметтейміз және әділдік принципін қолдаймыз», - деді Оfficial Strongman Games ұйымы.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам