Ерсін Ерік «Реалды» қор қылды. Тауық сойса да қасап сойсын. Саусақ пен тіл үйлескенде…

Қытай қызы Абиба Әбужақынованы Абу-Дабиде «тұншықтыру» әдісімен жеңді

28.11.2025, 14:55

Ол ширек финалда 21 жастағы қытайлық балуан Син Хумен жолыққан

Қытай қызы Абиба Әбужақынованы Абу-Дабиде «тұншықтыру» әдісімен жеңді
Фото: ijf.org

Біріккен Араб Әмірліктерінің астанасы Абу-Дабиде дзюдо күресінен  Grand Slam турнирі басталды.  Татамиге шыққан екі бірдей қазақ балуаны жеңіліс тапты.

Абиба алғашқы белдесуінде 16 жастағы бельгиялық  Мэлис Дапені жеңген. Бірақ одан кейін Қытай қызына есе жіберді. Ол ширек финалда 21 жастағы қытайлық балуан Син Хумен жолыққан.

Әлемдік рейтингтің көшбасшысы саналатын Абиба тәжірибелі қарсыласының тұншықтыру әдісіне түсіп қалды.

Айта кетейік, Син Ху былтыр жастар арасындағы әлем чемпионатын жеңіп алған, ал биыл Астанада өткен «Үлкен дулыға» турнирінің чемпионы атанған. Ол жарыста Әбужақынова қатыспаған еді.

Сондай-ақ 60 келіде белдескен Мағжан Шамшадин де алғашқы белдесуінде қарсыласына есе жіберді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам