Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Едіге Қасымбек Будапештегі турнирдің чемпионы атанды

Бүгін, 10:52

Қазақстан құрамасы турнирді жалпы жеті медальмен аяқтады

Едіге Қасымбек Будапештегі турнирдің чемпионы атанды
ҰОК

Будапештте (Венгрия) өтіп жатқан рейтингтік турнирде еркін күрес бәсекелері мәресіне жетті.

Жарыстың соңғы күнінде Қазақстан құрамасының қоржынына бір алтын медаль түсті. 125 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Едіге Қасымбек финалда польшалық Камиль Томаш Косьчолекті жеңіп, чемпион атанды.

Осылайша, Қазақстан құрамасы турнирді жалпы жеті медальмен аяқтады. Бұған дейін 61 келіге дейінгі салмақта Асыл Айтақын алтын жүлде жеңіп алған болатын. 74 келіге дейінгі салмақта Нұрқожа Қайпанов күміс медаль иеленді. Ал Әділет Әлмұхамедов (61 келіге дейін), Нұрданат Айтанов, Мейрамбек Қартбай (57 келіге дейін) және Начын Куулар (65 келіге дейін) қола жүлдеге қол жеткізді.

Айта кетейік, Будапештте әйелдер күресінен де жарыс басталды. Алғашқы жарыс күнінде 50 келіге дейінгі салмақта Зейнеп Баянова қола медаль жеңіп алды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам