Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Асу Алмабаев RAF лигасындағы дебютінде америкалықпен белдеседі

Бүгін, 11:38

Кездесу 22 тамызда өтеді

Асу Алмабаев RAF лигасындағы дебютінде америкалықпен белдеседі
instagram.com/rafwrestlingusa

Қазақстандық UFC файтері Асу Алмабаевтың Real American Freestyle (RAF) ұйымындағы дебюттік белдесуіне қарсыласы ресми түрде анықталды.

Ұйымның баспасөз қызметінің хабарлауынша, 22 тамызда өтетін RAF 12 турнирінде Алмабаев америкалық Джонни Диджулиуспен күш сынасады. Жартылай жеңіл салмақтағы белдесу АҚШ-тың Огайо штатындағы Кливленд қаласындағы Rocket Arena кешенінде өтеді.

Айта кетейік, Асу Алмабаев UFC-дің аса жеңіл салмақ рейтингінде бесінші орында тұр. Қазақстандық спортшы соңғы кездесуін 27 маусымда Бакуде өткен UFC Fight Night 280 турнирінде өткізіп, америкалық Чарльз Джонсонды үшінші раундта мерзімінен бұрын жеңген болатын.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам