«Алтын доп» кімге бұйырады? Харри Кейн де нәтижені асыға күтіп жүр

«Алтын доп» иегерін марапаттау рәсімі 26 қазанда Лондонда өтеді

Getty Images
Getty Images

«Бавария» мен Англия құрамасының шабуылшысы Гарри Кейн «Алтын доп» иегерінің есімі жариялануын асыға күтіп жүргенін айтты.

Футболшының сөзінше, оның отбасы да марапаттау рәсімінің нәтижесіне ерекше қызығушылық танытып отыр.

«Әйелім жеңімпаздың кім екенін қазірден білгісі келеді. Отбасым да бұл жаңалықты тағатсыздана күтіп жүр. Ұйымдастырушылар барлық жұлдыздың рәсімге қатысуы үшін әзірге құпияны сақтап отырғанын түсінемін. Дегенмен нәтижені қазір білгім келеді», – деді Кейн.

«Алтын доп» иегерін марапаттау рәсімі 26 қазанда Лондонда өтеді. Былтырғы сыйлықты Франция құрамасы мен «Пари Сен-Жермен» шабуылшысы Усман Дембеле иеленген.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам