Ермаштың Бразилиядағы оқиғасы: 20 минут картинасыз тікелей эфир жүргізіп, Ұлттық арнаны "құтқарды"

Қазақстан спортшылары Бүкіләлемдік жауынгерлік өнер ойындарында үздік үштікке енді

01.11.2023, 12:10

Ел намысын 10 спорт түрінен 53 спортшы қорғады

Қазақстан спортшылары Бүкіләлемдік жауынгерлік өнер ойындарында үздік үштікке енді
Фото ашық дереккөзден

Сауд Арабиясында аяқталған V Бүкіләлемдік жауынгерлік өнер ойындарында Қазақстан спортшылары жалпы есепте үшнші орынға тұрақтады.

Екі аптаға жуық уақыт ішінде спорттың 16 түрінен 1500-ден астам атлет 954 медальді өзара сарапқа салған болатын. Оның 259-ы алтын, 259-ы күміс болса, қалған 436-сы қола жүлде өз иесін тапты. Бұл ретте Қазақстан делегациясы 12 алтын, 13 күміс пен 23 қола медальға қол жеткізді.

Көш басындағы Украина 21 алтын, 17 күміс, 15 қола иеленсе, соңғы жарыс күні екінші орынға көтерілген Сауд Арабиясы 12 алтын, 20 күміс, 19 қолаға қол жеткізді.

Қазақстан құрамасы ойындар бағдарламасына алғаш рет қосылған қазақ күресі мен армрестлингтен табысты өнер көрсетіп, командалық есепте 1-орын алды. Самбо мен грэпплингтен қоржынға World Combat Games-тің алғашқы алтыны түссе, каратэшілер бірінші рет жүлдегерлер қатарынан көрінді. Жалпы ел намысын 10 спорт түрінен 53 спортшы қорғады.

Сауд Арабиясындағы нәтиже бойынша Қазақстан жауынгерлік өнер ойындарының жалпы рейтингінде 37-ден үздік ондыққа қарай жоғарылап отыр.

Ал келесі Бүкіләлемдік жауынгерлік өнер ойындары 2025 жылы өтпек. Оның өткізетін мемлекеттің алдағы жылдың басында анықталады.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам