Қыздар мен ерлер боксы теңеседі. Еркекшора бокшылар. Ұлттық құрамадағы интирига

Қазақстан атлеттері 13 спорт түрі бойынша Қытайдан құр алақан оралды

10.10.2023, 14:53

Жалпыкомандалық есепте біздің ел 11-орынға тұрақтады

Қазақстан атлеттері 13 спорт түрі бойынша Қытайдан құр алақан оралды
Фото ашық дереккөзден

Өткен аптада Қытайда аяқталған Жазғы Азия Ойындарында Қазақстан спортшылары 13 спорт түрі бойынша мүлдем жүлде иелене алмады. Жыл сайын аталған спорт түрлерін дамытуға қомақты қаржы алып отырған федерациялар әзірге бұл сәтсіздікке қатысты пікір білдірмеді.

Мәселен, Ханчжоуда өткен сары құрлықтың басты ойындарында қазақ спортшылары еркін күрес, теннис, волейбол, құзға өрмелеу, баскетбол, киберспорт, садақ ату, бадминтон, гольф, гандбол, брейкинг, қазіргі бессайыс, көгалдағы хоккей секілді спорт түрлерінен турнирді нәтижесіз тәмамдады.

Соңғы он бес жылда Қытайда жалауы екінші рет желбіреген Азия Ойындарын Қазақстан делегациясы алғаш рет төмен нәтижемен аяқтап отыр. Бұған дейін атлеттеріміз 15-25 аралығында алтын медаль иеленіп келген болса, Ханчжоуда небәрі 10 спортшы ғана үздік нәтиже көрсете алды.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам