Жаңа подкаст! Қонақта Қайрат Әділгерей!

Токио Гранд Слэмінде қазақ дзюдошылары сынға түседі

05.12.2024, 10:30

Токио татамиінде 11 қазақстандық спортшы жүлдеге таласады

Токио Гранд Слэмінде қазақ дзюдошылары сынға түседі
ҰОК

7-8 желтоқсан күндері дзюдодан Токио Grand Slam турнирінде белдесетін Қазақстан спортшылары белгілі болды.

Дәстүрлі турнирде еліміздің ерлер және әйелдер құрамасы сынға түспек. Халықаралық дзюдо федерациясы Токио татамиінде 11 қазақстандық спортшының жүлдеге таласатынын мәлімдеді.

Ерлер:
60 келі - Дәурен Сүйекенов
60 келі - Шерзад Давлатов
73 келі - Бақытжан Әбдірахманов
81 келі - Жалғас Қайролла
90 келі - Максим Мейірлан
100 келі - Әділет Сапарғалиев
 
Әйелдер:
52 келі - Толғанай Әбеуова
57 келі - Дана Әбдірова
63 келі - Самалай Ерғалиева
78 келі - Назгүл Маратова
78 келі - Карина Тәкиева

Бұған дейін еліміздің дзюошылары Загреб Гран Приі мен Абу Даби Гранд Слэмінде өнер көрсеткен болатын. Сондай-ақ, өткен айда әскерилер арасында өткен әлем біріншілігінде бірнеше дзюдошы чемпион атанды.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам