Жаңа подкаст! Қонақта Қайрат Әділгерей!

Қазақстандық зілтеміршілер Азия чемпионатында бір күнде үш алтын медаль жеңіп алды

24.12.2024, 00:33

Жарыс екі жас санаты бойынша өтіп жатыр

Қазақстандық зілтеміршілер Азия чемпионатында бір күнде үш алтын медаль жеңіп алды
Аянат Жұмағали. Фото: Olympic.kz

Дохада (Катар) 19-26 желтоқсан аралығында ауыр атлетикадан жастар мен жасөспірімдер арасында Азия чемпионаты өтіп жатыр.

Жарыстың бесінші күні Қазақстандық ауыратлеттер айтарлықтай табысқа қол жеткізіп 3 алтын, бір күміс, үш қола медаль еншіледі.

Атап айтқанда, Аянат Жұмағали екі жас санаты бойынша өнер көрсетіп, 76 келі салмақта ел қоржынына екі алтын жүлдені салды. Ал, Сәния Орманбаева дәл осылай бір санатта алтын алса, екіншісінде қола жүлдеге қол жеткізді.

81 келіде өнер көрсеткен Виктория Новикова екінші орын алды. Ал, Әлібек Рахымберді мен Аружан Ерімбет үздік үштіктен көрінді.

Еске салайық, осыдан бір аптадай уақыт ұрын Бахрейн астанасында ауыр атлетикадан ересектер арасында әлем чемпионаты өтіп, онда қазақстандық Әділет Нұрғисаұлы (96 кг) чемпион атанды.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам