Жаңа подкаст! Қонақта Қайрат Әділгерей!

«Спортты дамыту дирекциясы» директоры мен орынбасары 584 млн теңге жымқырған

25.12.2024, 18:14

Антикор тергеу аяқталғанын мәлімдеді

«Спортты дамыту дирекциясы» директоры мен орынбасары 584 млн теңге жымқырған
әлеуметтік желі

 

Антикор «Спортты дамыту дирекциясы» РМҚК директорына қатысты тергеуді аяқтады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің «Спортты дамыту дирекциясы» РМҚК директоры мен оның орынбасарына қатысты тергеуді аяқтады.

Олар кәсіпкерлік субъектілерімен бірлесіп, спорт жабдықтарын сатып алуға, сондай-ақ туроператорлармен жоғары құны бойынша шарттар жасасу арқылы 584 млн теңге мөлшерінде бюджет қаражатын жымқырды деп күдіктелуде.

Сонымен қатар, кәсіпорын директоры жеке компанияның директоры бола тұра, 2021 жылы Батыс Қазақстан облысында футбол мен допты хоккейді дамытуға бөлінген 161,9 млн теңге көлемінде бюджет қаражатын жымқырған.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам