Қыздар мен ерлер боксы теңеседі. Еркекшора бокшылар. Ұлттық құрамадағы интирига

Спортқа жұмсалып жатқан қаражат өзін ақтамады – Тоқаев

11.10.2023, 14:53

Президент ел спортшыларының жетістігі көңіл көншітпейді дейді

Спортқа жұмсалып жатқан қаражат өзін ақтамады – Тоқаев
Akorda.kz

Азия Ойындарына қатысқан Қазақстан спортшыларын Қасым-Жомарт Тоқаев қабылдады. Олардың қатарында таяуда Сербияда еркін күрестен әлем чемпионы атанған Ризабек Айтмұқан да болды.

Қытайдың Ханчжоу қаласында өткен Азия Ойындарында ел құрамасы 10 алтын, 22 күміс, 48 қола медаль иеленіп, жарыс кестесінде 11-орынға тұрақтады. Атлеттеріміз нысана көздеу, ескек есу, веложарыс, джиу-джитсу спортынан үздік нәтиже көрсете алды. Бұл сында каратэден жалпы командалық есепте бірінші орын алған Қазақстан құрамасынан 8 спортшының барлығы жеңіс тұғырына көтерілген болатын.

«Қажырлы еңбек пен жеңіске деген мұқалмас ерік-жігердің арқасында әрқайсыңыз жоғары нәтижеге қол жеткіздіңіздер. Алайда еліміздің жалпы көрсеткіші өткен Олимпиада мен Азиада ойындарынан да өте жақсы болуы мүмкін еді. Мұны ашық айтуымыз керек. Бокс, ауыр атлетика, еркін және грек-рим күресі дәстүрлі түрде ел құрамасының қоржынына жүлде салып, айтарлықтай үлес қосатын. Жеңіл атлетика, спорттың командалық түрлері жанкүйерлерімізді көбірек қуанышқа бөлейтін. Барлық спорт түрі бойынша кеткен қателіктерді түзету үшін ауқымды жұмыс атқару қажет», – деді Президент.

Өз кезегінде мемлекет басшысы спорт саласы әрдайым мемлекеттің назарында болатынын алға тартты. Жыл сайын спортты дамыту үшін қомақты қаржы бөлінгенінен қарамастан, еліміздің кәсіби спорттағы көрсеткіштері аса жоғары деңгейде емес екенін Қ.Тоқаев өз сөзінде атап өтті.

«Ашығын айтуымыз керек, нәтижеміз мемлекеттен бөлініп жатқан қаражаттың барынша тиімді жұмсалмайтынын көрсетеді. Мұндай жағдайға жол беруге болмайды. Спорт саласына түбегейлі өзгерістер, яғни реформа қажет. Тиісті министрлік осы мәселені жан-жақты қарап, спортты дамытудың мүлде жаңа жолдарын ұсынуы керек», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам