Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Қазақстандық сумошы Ерсін Балтағұл рейтингте жоғарлады

25.02.2025, 11:35

Ол қазір жаңа турнирге қызу дайындалып жатыр

Қазақстандық сумошы Ерсін Балтағұл рейтингте жоғарлады
Фото әлеуметтік желіден

Жапония сумо федерациясы сумошылардың рейтингісін жаңартты. Сондай-ақ, наурыз айының 9-23 күндер аралығында Осака қаласында өтетін Хару бащё турниріне қатысатын балуандардың тізімін жариялады. 

Жаңартылған рейтингте кәсіпқой элиталы сумоның ең жоғарғы Макучи дивизионында Кинбозан Харуки атымен бақ санайтын қазақстандық Ерсін Балтағұл Maegashira-5 дәрежесіне көтерілді. Ол қаңтар айындағы Хацу бащёны турнирінде Maegashira-14 дәрежесімен күрескен. Ал, қаңтар айындағы Хацу бащё турнирін 3-орынмен аяқтаған.

Ерсін Хару бащёда әр жеңіс үшін күресемін деді. 

«Қаңтар айындағы Хацу бащёда өзімнің мүмкіндігімді аз болса да көрсеткендей болдым. Ол кездегі нәтижеге мән бермей тек алға жылжу жағын ойлаймыз. Әр күн сайын жеңіс үшін күресемін. Сол үшін жұмыс істеп жатырмын», - деді Ерсін Балтағұл.

Айта кетейік, Ерсін Хацу бащёда жоғары нәтиже көрсеткені үшін «Жаужүрек жауынгер» номинациясымен марапатталған болатын.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам