Әйгілі балуан Михайн Лопес өзі туралы кітапты көрсетті

25.03.2025, 12:36

Кітап әзірге тек испан тілінде ғана жарыққа шыққан

Әйгілі балуан Михайн Лопес өзі туралы кітапты көрсетті
Gettyimages.ru/Sarah Stier

Грек-рим күресінен Олимпиада Ойындарының бес дүркін чемпионы Михайн Лопес туралы кітап жарыққа шықты. Бұл туралы балуанның өзі әлеуметтік желіде мәлімдеді.

Мексиканың Халиско штатында өтіп жатқан III Халықаралық спорт конгресіне кубалық Гектор Милиан Перес пен Михайн Лопес, әйгілі волейболшы Мирейя Луис Эрнандес, суға секіру спортының өкілі Герман Санчес пен таеквондо жұлдызы Мария Эспиноса қатысқан. Шара барысында Лопес өзі туралы кітапқа қолтаңба қалдырған.

Әзірге бұл кітап испан тілінде ғана жарық көрген. Алда бірнеше тілге аударылып, қазақстандық жанкүйерлерге де қолжетімді болуы мүмкін.

Михайн Лопес – грек-рим күресіндегі ең атақты спортшылардың бірі. Ол Олимпиада ойындарының бес дүркін жеңімпазы атанып (2008, 2012, 2016, 2020, 2024) , Александр Карелиннің рекордын жаңартқан. Лопес ауыр салмақтағы ең мықты балуандардың бірі болып саналады. Оның бойы – 196 см, салмағы 130 кг-нан асады.

Михайн Лопес Олимпиада ойындарына 6 рет қатысқан. Сондай-ақ, белгілі балуан – әлем чемпионатының және Панамерика ойындарының 5 дүркін чемпионы.

Ол Париж Олимпиадасында топ жарғаннан кейін спорттық мансабын аяқтайтынын мәлімдеді. Бозкілемде жанкүйерлерімен спортшы ретінде қоштасу ырымын жасады.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам