Вьетнамдағы марафонға қатысқан қазақ жігіті ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді

07.04.2025, 18:04

Оған күннің ыстығы кері әсер еткен ьолуы мүмкін

Вьетнамдағы марафонға қатысқан қазақ жігіті ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді
Ринат Рахматуллиннің әлеуметтік желідегі парақшасынан

Қарағандылық марафоншы Ринат Рахматуллин Вьетнамның Фукуок қаласында өткенмарафонға қатысқаннан кейін ауруханаға түсті.

Талай марафонға қатысып тәжірибе жинаған Ринат Вьетнамдағы марафоннан кейін шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді. Осығандейін 42 шақырым 197 метрлік марафонды 18 рет жүгіріп өткен спортшының жағдайы дәрігерлердің бақылауында.

Фукуок аралындағы ауа-райы ыстық және ылғалды болуыда Ринатқа кері әсер етсе керек. Баласының денсаулығына алаңдаған әкесі Вьетнамға ұшып кетті.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам