
Чехия спортшысы Меличар Школаны тізе бүктірді.
Қазақстандық жас дзюдошы Әділжан Жаудинов кадеттер арасындағы әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алды.
Дүбірлі дода Болгарияның София қаласында өтіп жатыр.
Жаудинов 90 келіден жоғары салмақ дәрежесінде финалдық кезеңге дейін жетіп, шешуші белдесуде Чехия спортшысы Меличар Школаны тізе бүктірді. Осылайша ол әлемдік аренада Қазақстан құрамасының намысын қорғап, жеңіс тұғырынан көрінді.
Бұл нәтижемен ұлттық құрама қоржынында бес жүлде бар. Бұған дейін Ернұр Батырғали (60 келіге дейін) алтын медаль иеленсе, Мұхаммедәлі Жылқайдар (66 келіге дейін) күміс алды. Сондай-ақ Арман Мыса (50 келіге дейін) мен Ролан Қайырғали (66 келіге дейін) қола жүлдеге қол жеткізген болатын.