
Қазақстандық спортшылар екі алтын медаль жеңіп алды
Үндістанның Ахмедабад қаласында өтіп жатқан су спорты түрлерінен Азия чемпионатында қазақстандық спортшылар екі алтын медаль жеңіп алды.
Әртістік жүзуден техникалық соло бағдарламасында сынға түскен Карина Магрупова мен Виктор Друзин өз сайыстарында үздік нәтиже көрсетіп, чемпион атанды.
Әйелдер арасындағы нәтижелер:
Карина Магрупова (Қазақстан) — 240.1600 ұпай
Сабина Махмудова (Өзбекстан) — 222.1600
Рачел Рае Зе Зин (Сингапур) — 197.8167
Ерлер арасындағы нәтижелер:
Виктор Друзин (Қазақстан) — 228.1708 ұпай
Ремма Фуручи (Жапония) — 206.8675
Кантинан Адисайсирибутр (Тайланд) — 199.8666
Айта кетейік, Азия чемпионаты 10 қазанда өз мәресіне жетеді.