Жергілікті халық жастардың спортпен айналысуына еш жағдай жасалмағанын айтып отыр
Жамбыл облысының Сарысу ауданында орталық футбол стадионын жекешелендіріп алған кәсіпкер алаңға егін егіп, мал бордақылаған. Ашуға әбден булыққан тұрғындар әкімдіктен қайыр болмаған соң, журналистерге шағымын айтты.
Отыз жыл бұрын спорт алаңқайын жекешелендіріп алған кәсіпкер малдан бөлек, бұл аумақта ауыл шаруашылығы өнімдерін өсірген деп хабарлады КТК телеарнасы.
Қазір Саудакент ауылының 7 мыңнан аса тұрғыны «жастарға спортпен айналысатын орын табылмай отыр» деп шағымданып отыр. Ал, кәсіпкер бұл аумақтан табыс тапқан соң оны өзге біреуге өткізген екен.
Қазір шағын стадионның сау-тамтығы қалмаған, есігінде қара құлып тұр.