ЖБ Шоу! Жаңа шығарылым! Эфирде Ермаш, Олжас және Ганс!

Қазақстандық дзюдошы жастар арасында әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

06.10.2025, 15:04

Қазақстан құрамасы алғашқы медалін жеңіп алды

Қазақстандық дзюдошы жастар арасында әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды
ҰОК

Перу астанасы Лимада дзюдодан жастар арасында әлем чемпионаты басталды. 

Бұл жарыста Қазақстан құрамасы алғашқы медалін жеңіп алды. 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Дана Әбдірова финалға дейін жетті. Жартылай финалда қазақстандық спортшы Бразилия өкілі Джиованна Андрадеден басым түсті.

Алайда шешуші белдесуде Дана жапониялық Мио Шираканеге есе жіберіп, әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам