ЖБ Шоу! Жаңа шығарылым! Эфирде Ермаш, Олжас және Ганс!

Формула-1 жарысы Өзбекстанда өтуі мүмкін

10.10.2025, 16:45

Өзбекстанның автоспортқа қызығушылығы артқан

Формула-1 жарысы Өзбекстанда өтуі мүмкін
Әлеуметтік желі

Сингапурдағы Гран-при кезеңі кезінде «Формула-1» додасының бір кезеңін Өзбекстанда өткізу мүмкіндігі талқыланды. Бұл туралы британдық журналист Джо Савард хабарлады.

Оның айтуынша, елдің автоспортқа деген қызығушылығы соңғы уақытта айтарлықтай артып келеді.

Савардтың мәліметінше, шараға Өзбекстан, Таиланд және Оңтүстік Кореяның өкілдері қатысып, болашақта чемпионат кезеңдерін өз елдерінде өткізу мүмкіндігі жөнінде келіссөздер жүргізген.

Өзбекстанның автоспортқа қызығушылығы елдің жалпы спорттағы жетістіктерімен де байланысты. Тарихта алғаш рет ұлттық футбол құрамасы әлем чемпионатына жолдама алды.

Сондай-ақ, Өзбекстанның халықаралық спорт орталығы ретіндегі мәртебесін айқындай түсетін тағы бір маңызды оқиға - желтоқсан айында Ташкент қаласында өтетін Халықаралық автомобиль федерациясының (FIA) Бас ассамблеясы болмақ.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам