Алаңда жан тапсырған футболшылар. Жаңа шығарылым!

Юлия Путинцева Аустралиядағы турнирде ерекше камбэк жасады

09.01.2024, 10:03

Жерлесіміз WTA рейтингінде бір сатыға төмендеп қалған болатын

Юлия Путинцева Аустралиядағы турнирде ерекше камбэк жасады
instagram/yulia_putintseva

Аустралияның Аделаида қаласында өтіп жатқан Adelaide International WTA 500 турнирінде қазақстандық теннисші Юлия Путинцева алғашқы айналымда жеңіске жетті.

Путинцеваның бірінші айналымдағы қарсыласы италиялық Элизабетт Кочаретто болды. WTA рейтингінде қазақстандық теннисші 64-орында тұрса, қарсыласы 45-орында болған.

Ойынның бірінші сетінде 0:6 есебімен Путинцева жеңіліп қалды. Екінші сетті де жерлесіміз сәтсіз бастап, есеп 0:4-ке дейін жетті. Тек осыдан кейін ғана қазақстандық теннисші алғашқы ұпайын алып, осы сетті 7:5 есебімен жеңіп кетті. Шешуші үшінші кезең аса тартысты өтіп, Путинцеваның пайдасына шешілді, есеп 7:6 (7:4).

Келесі айналымда қазақстандық теннисші Мария Боузкова (Чехия) – Виктория Голубич (Швейцария) жұбының жеңімпазымен кездеседі.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам