
Осылацша Рыбакина 107 000 доллар табыс пен 215 рейтингілік ұпай еншіледі
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Монреальдағы (Канада) WTA 1000 санатындағы турнирдің ширек финалына жолдама алды. Ол 1/8 финалдағы матчта украиналық Даяна Ястремскаяны үш сетке созылған тартысты ойында 5:7, 6:2, 7:5 есебімен жеңіп шықты.
Матч 2 сағат 33 минутқа созылды. Қарсыласынан бірінші сетте жеңіліп қалған Рыбакина кейінгі сеттерде басымдық танытып, матчты өз пайдасына аяқтай алды. Жеңісінен кейін кортта сұхбат берген теннисші бұл кездесудің маңызын атап өтті:
«Бұл мен үшін өте маңызды жеңіс. Даянамен ойнау қиынға соқты. Ол өте жақсы өнер көрсетті. Жеңіске жеткеніме қуаныштымын, келесі матчты асыға күтемін», — деді Елена.
Ширек финалда Рыбакина тағы бір украиналық теннисші Марта Костюкпен кездеседі.
Айта кетейік, Монреаль турнирі 27 шілде мен 7 тамыз аралығында өтіп жатыр. Жалпы жүлде қоры — 5,15 миллион доллар. Бұл кезеңге шыққаны үшін Рыбакина 107 000 доллар табыс пен 215 рейтингілік ұпай еншіледі. Ал турнир жеңімпазы 752 275 доллар мен 1000 ұпай алады.