Оқырманның махаббаты. Моншадағы кездесу. Қызқұмар футболистер – ЖБ оқиға

Елена Рыбакинаның атышулы бапкеріне қатысты соңғы шешім шықты

09.08.2025, 13:27

Стефано Вуков бапкерлікпен айналысуға рұқсат алды

Елена Рыбакинаның атышулы бапкеріне қатысты соңғы шешім шықты
Getty Images

Хорват маманы Стефано Вуков бапкерлік қызметпен айналысуға рұқсат алды.

Вуков бұған дейін Қазақстандық теннисші, 2022 жылғы Уимблдон чемпионатының жеңімпазы Елена Рыбакинаның жаттықтырушысы болған. Оның жаттықтырушы ретіндегі қызметі мен қарым-қатынасы көптеген дауларға себеп болған еді.

«Істің егжей-тегжейлері құпия сақталып отыр, бірақ қазіргі уақытта Вуков мырза WTA турнирлеріне қатысуға қажетті аккредитация алуға құқылы екені расталды. WTA баспасөз қызметі бұл туралы түсініктеме бермейтінін хабарлады», — деп жазады The Athletic басылымы.

Еске салайық, былтыр WTA ұйымы Стефано Вуковты бапкерліктен бір жылға шеттетіп, Рыбакинаға жоламауға шешім шығарған болатын. Өзге теннисшілер хорват маманының Рыбакинаға жиі балағат сөздер айтып, оны күйзеліске ұшыратқанын мәлімдеген еді. Тіпті, жарыстарда Вуковтың теннисші қызбен бір бөлмеде жататыны да айтылды. Соған қарамастан, Елена Рыбакина бапкерін жанынан тастамай алып жүр.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам