Оқырманның махаббаты. Моншадағы кездесу. Қызқұмар футболистер – ЖБ оқиға

Тимофей Скатов Италиядағы Челленджер турнирінде топ жарды

17.08.2025, 11:17

Осылайша Скатов алғаш рет ТОП-200 қатарына енді

Тимофей Скатов Италиядағы Челленджер турнирінде топ жарды
ҰОК

Қазақстандық теннисші, әлемнің 308-ракеткасы Тимофей Скатов Италияның Тоди қаласында өткен Челленджер турнирінде жеңімпаз атанды.

Финалда ол әлемдік рейтингтің 233-ші сатысында тұрған италиялық Стефано Травальямен кездесті.

Алғашқы партияда Скатов 3:0 есебімен алға шыққанымен, қарсыласы есепті теңестірді. Дегенмен шешуші сәтте Тимофей тай-брейкте жеңісті жұлып әкетті – 7:6 (7:4). Екінші сетте Травалья айқын басымдық танытып, 6:0 есебімен ұтты. Ал шешуші, үшінші партияда Скатов өз ойын өрнегін көрсетіп, 6:2 есебімен жеңісті қоржынына салды.

Екі сағат 45 минутқа созылған финалда қазақстандық теннисші 1 эйс жасап, 6 брейк-пойнттың бесеуін тиімді пайдаланды. Ал қарсыласы 8 эйс пен 6 брейкке қол жеткізгенімен, жеңіске жете алмады. Осылайша, 24 жастағы Скатов кәсіби мансабындағы үшінші титулына қол жеткізді.

Айта кетейік, бір апта бұрын ол Германияның Бонн қаласында өткен Челленджер турнирінің финалында аустриялық Юрий Родионовқа 6:3, 2:6, 4:6 есебімен жол берген болатын.

Осылайша Скатов ATP Live рейтингінде бірден 193-орынға көтеріліп, алғаш рет ТОП-200 қатарына енді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам