
Польша теннисшісі қазақстандық Елена Рыбакинаны 7:5, 6:3 есебімен жеңді
Алты дүркін «Үлкен дулыға» турнирлерінің жеңімпазы, әлемнің үшінші ракеткасы Ига Швентек Цинциннатидегі WTA 1000 турнирінің жартылай финалындағы ойыны жайлы пікір білдірді. Польша теннисшісі қазақстандық Елена Рыбакинаны 7:5, 6:3 есебімен жеңді.
«Матч басында жылдамдыққа таңғалдым. Іштей «осы қарқынға қалай төтеп беремін?» деп ойладым. Сондай-ақ, «қашан ол қателесе бастайды екен?» деген ой болды, өйткені бүкіл ойын бойы осылай жоғары деңгейде ойнау мүмкін емес сияқты көрінді. Бірақ өзімді ұстадым, қарсыласымның мықты соққыларына қарамастан, берілмедім. Матч шиеленісті өтті, Рыбакина жақсы ойнады, алайда мен сәттілікті дер кезінде пайдалана алдым», - деді Швентек L’equipe басылымына.
Цинциннати турнирінің финалында Швёнтек италиялық Жасмин Паолинимен кездеседі.
Айта кетейік, қазақстандық теннисші Елена Рыбакина (WTA рейтингінде 10-орында) АҚШ-тың Цинциннати қаласында өтіп жатқан WTA 1000 сериясындағы турнирдің финалына өте алмады.
Жартылай финалда Рыбакина поляк спортшысы Ига Швёнтекпен (3-орын) кездесіп, екі сет қорытындысы бойынша жеңіліс тапты - 4:6, 3:6.
Осылайша, Елена Рыбакина Цинциннати турниріндегі жарыс жолын аяқтады.