Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

«Төрешілер Төреханға бұрмалады»: Әзербайжан боксшысы даулы мәлімдеме жасады

05.03.2025, 09:12

Қазақ бокшсысы тек чемпион атанып қоймай, турнирдің ең үздік боксшысы атағын да жеңіп алды

«Төрешілер Төреханға бұрмалады»: Әзербайжан боксшысы даулы мәлімдеме жасады
azerisport.com

Болгария астанасында өткен бокстан халықаралық «Странджа кубогінде» 67 келіде жұдырықтасқан Әзербайжан боксшысы Наби Искендеров даулы мәлімдеме жасады. Ол жартылай финалда қазақ Төрехан Сабырханнан жеңілген болатын.

Аса тартысты өткен жекпе-жекте төрешілер 3:2 есебімен жеңісті Сабырханға бергені есте. Екінші раундта төреші Искендеровке нокдаун санаса, үшінші раундта отандасымыз қарсыласынан бір бас жоғары өнер көрсетті. Десе де, әзербайжандық боксшы бұл шешіммен келіспейді.

«Бұл турнир әлем чемпионаты алдындағы сынақ еді, өзіміздің шамамызды тексеріп көрдік. Оқу-жаттығу жиындары қалай әсер еткенін байқадық. Ал, нәтижеге келер болсақ, мен мұнда тек чемпион болу үшін ғана келген едім. Солай болуы да керек еді. Бірақ, жартылай финалда төрешілер тарапынан өрескел әділетсіздікке тап болдым. Мейлі, қалай болған жағдайда да мен көп нәрсе жоғалттым деп айта алмаймын, басты мақсатым – әлем чемпионатында топ жару. Осы турнирден кейін бізде тағы да оқу-жаттығу жиындары өтеді. Одан кейін Бакудегі «Ұлы Жібек жолы» турнирінде бағымды сынаймын. Әлем чемпионаты мамырдың соңы мен маусымның басына жоспарланған», - деді ол azerisport.com тілшісіне берген сұхбатында.

Еске салайық, Төрехан «Странджа кубогінің» финалында тағы бір әзербайжандық Заур Гахрамановты жеңіп, турнирдің чемпионы атанды. Сондай-ақ, ол ең үздік боксшы атанды.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам