«Мансабын неге құрдымға кетіргісі келетіні түсініксіз». Жәнібек Әлімханұлы сынға ұшырады

31.03.2025, 00:34

Жәнібек ашық айқасқа барса, қиындыққа тап болуы мүмкін

«Мансабын неге құрдымға кетіргісі келетіні түсініксіз». Жәнібек Әлімханұлы сынға ұшырады
Sports.kz

Украиналық vRINGe.com сайты орта салмақта WBO және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (16-0, 11 KO) мен француз Ануаэль Нгамиссенге (14-0, 9 KO) арасындағы жекпе-жекке болжам ұсынды. Бұл кездесу 5 сәуірде Астанада өтеді.

Сарапшылар пікірі

«Жекпе-жек стилінен бастайық. Жәнібек – өз стиліне «мексикалық» элементтер енгізуге тырысып жүрген соққысы жойқын боксшы. Бірақ бұл оған тек зиянын тигізуі мүмкін, себебі оның басты артықшылығы да «анти-мексикалық» стилінде: аяқпен жақсы жұмыс істеу, шабуыл бұрыштары, рефлекстер, тайминг, жылдамдық.

Жәнібектің соңғы жылдары жаттықтырушыларын жиі ауыстырғаны да сондықтан. Бір кездері оны тіпті өз менеджері Берік Сұлтан жаттықтырған. Бұл жолғы жекпе-жекке ол тағы да жаңа бапкермен – америкалық-мексикалық Марко Контрераспен дайындалып жатыр.

Қазақстандық үшін ең маңыздысы – Нгамиссенгемен күшке негізделген (мексикалық стильдегі) ашық айқасқа бармау. Оның отандастарының алдында алдында алғаш рет чемпиондық атақтарын қорғайтыны да кедергі келтіруі мүмкін, себебі жанкүйерлер әдетте боксшыдан алға ұмтыла беруді талап етеді.

Нгамиссенге – слаггер, яғни жойқын соққылар жасайтын, сериялық комбинациялармен шабуылдайтын боксшы. Ол ашық айқасты жақсы көретінімен де ерекшеленеді. Бірақ стиль тұрғысынан алсақ, ол «классикалық» Жәнібекке өте ыңғайлы қарсылас. Әлімханұлы оны өзіне шақырып, соққы жасатпай, қарсы шабуылмен-ақ жеңе алады – бұл жағынан қазақстандық әлемдегі үздіктердің бірі.

Дегенмен Жәнібек ашық айқасқа барса, қиындыққа тап болуы мүмкін. Себебі қарсы соққы жасайтын боксшылардан қауіптену керек. Бірақ Әлімханұлы ширақ қозғалысының арқасында Нгамиссенгеге жойқын соққылар жасатпауы мүмкін. Ал егер ол бір орында тұрып, тек денемен қорғануға көшсе, онда жағдай қиындайды, өйткені француз шабуылдарын сериялық соққылармен жасайды.

Жекпе-жекке болжам

Бұл кездесуге болжам жасау қиын. Себебі Жәнібек әр жекпе-жекте түрлі стиль қолданады – оның қандай тактика таңдайтынын алдын ала болжау қиын. Жәнібектің өз мансабын неге құрдымға кетіргісі келетіні түсініксіз.

Егер «классикалық» Әлімханұлы шаршы алаңға шықса, онда ол қарсыласын титықтатып, жекпе-жектің екінші жартысында нокаутқа жібереді. Ал егер ол «мексикалық стильге» көшуге тырысса, онда жекпе-жек мерзімінен бұрын аяқталуы мүмкін. Нокаутқа жіберуге Жәнібектің де, оның қарсыласының да мүмкіндігі теңеседі.

Біздің болжамымыз: Жәнібек Әлімханұлы жеңіске жетеді, мерзімінен бұрын», - деп жазды басылым.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам