«Сағындым»: Ангелина Лукас шетелдегі сүйіктісіне сағынышын жеткізді

02.05.2025, 11:27

Отандық боксшы әзірбайжандық спортшы Тарел Саият оғлы Джафаровпен көңіл қосқан

«Сағындым»: Ангелина Лукас шетелдегі сүйіктісіне сағынышын жеткізді
әлеуметтік желі

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Ангелина Лукас сүйіктісін сағынып жүргенін жеткізді. Ол өзінің сүйгеніне тезірек келуін айтып, желіде бірге түскен фотосуретін жүктеді.

«Тезірек келсеңші енді», - деп жазды боксшы әлеуметтік желіде.

Отандық боксшы бірнеше жылдан бері әзірбайжандық спортшы Тарел Саият оғлы Джафаровпен бірге екенін бұған дейін оның жанкүйерлері көз жеткізген болатын. Аталған спортшы «Шайқасқұмар» лақап атымен кәсіпқой бокста өнер көрсетеді. Ол WBS/GBU world және ABF Asia,UBO Eurasia/international нұсқаларын чемпион атанған.

Естеріңізде болса, бұған дейін Ангелина аса жеңіл салмақта рейтин бойынша 12-орында тұрған еді. Кейін ол үшінші орынға көтерілді. Өйткені, жыл басынан бері екі жекпе-жек өткізіп, екеуінде де жеңіске жетті. Сөйтіп осы салмақ дәрежесіндегі абсолютті чемпиондық белбеу үшін басты үміткер атанып отыр.

 

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам