Өзбекстан құрамасы әлем чемпионаты алдында бас бапкерсіз қалуы мүмкін

07.05.2025, 20:34

Исмаиловқа Суперлиганың екі клубынан маңызды ұсыныс түскен

Өзбекстан құрамасы әлем чемпионаты алдында бас бапкерсіз қалуы мүмкін
championat.asia

Жақында ғана жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында Өзбекстанның U-17 құрамасы бас бапкер Исламбек Исмаиловтың жетекшілігімен тарихи жетістікке қол жеткізіп, құрлық чемпионы атанды.

Бұл жетістіктен соң бас бапкерге назар аударушылар көбейген. Белгілі болғандай, Исмаиловқа қазірдің өзінде Суперлиганың екі клубынан маңызды ұсыныс түскен. Сонымен қатар Сауд Арабиясының жоғарғы дивизионында өнер көрсететін беделді клубтардың бірі де өзбекстандық маманға назар аударған. Тіпті қомақты қаржы да ұсынуға дайын көрінеді.

«Әрине, менің болашақ мансабыма қатысты түрлі ұсыныстар түсіп жатыр, бірақ менің бар назарым әлем чемпионатына дайындықта. Өзім басқаратын командамен осындай ірі турнирге қатысу мен үшін өте маңызды. U-17 арасындағы әлем чемпионаты (қараша айында өтетін) аяқталғанға дейін басқа ештеңеге көңіл бөлмеймін», – деді бапкер.

Қазіргі уақытта Өзбекстанның жастар құрамасы әлем чемпионатына қызу дайындық үстінде. Исмаиловтың айтуынша, командада іріктеу жұмыстары жүріп жатыр, ал жаттықтырушылар құрамы әр ойыншыға жеке даму бағыттарын анықтауда.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам