Нұрқожа Қайпанов Азия чемпионатының финалына шықты

30.03.2025, 16:30

Енді Қайпанов финалда қырғыз балуанымен кездесед3

Нұрқожа Қайпанов Азия чемпионатының финалына шықты
Спортты дамыту дирекциясы

Иорданияда күрес түрлерінен өтіп жатқан Азия чемпионатында қазақстандық Нұрқожа Қайпанов финалға шықты. Еркін күрестен 74 келіде белдескен әлем чемпионы жартылай финалда парсы балуанын 6:1 есебімен жеңді.

Енді Қайпанов финалда қырғыз балуаны Орозбек Токмамбетовпен алтын медальді сарапқа салады. Өткен жылы Тиранада әлем чемпионы атанған Қайпанов құрлық біріншілігін 2 мәрте жеңген еді.

Қазақстан балуандары аталған Азия чемпионанатында бір алтын медаль иеленді. Аталған жүлдеге әйелдер күресінен Жәмила Бақбергенова қол жеткізді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам