Азамат Дәулетбеков Азия чемпионатының қола жүлдесі үшін күреседі

30.03.2025, 17:05

Ол Азияның төрт дүркін чемпионы атану мүмкіндігінен айрылып қалды

Азамат Дәулетбеков Азия чемпионатының қола жүлдесі үшін күреседі
olympic.kz

Иордания астанасы Амманда күрес түрлерінен өтіп жатқан Азия чемпионатында қазақстандық еркін күрес шебері Азамат Дәулетбеков финалға шыға алмады.

Еркін күрестен 92 келіде белдескен ол парсы балуанымен күресте 12:0 есебімен ойсырай жеңілді. Енді ол қола жүлде үшін бозкілемге шығады.

Әлем біріншілігінің екі дүркін жүлдегері жарыс жолын ширек финалдан бастаған еді. Алғашқы белдесуінде Дәулетбеков қытайлық Линь Цзушэнді 7:1 ұпайымен қапы қалдырды.

Айта кететін жайт, Азамат Дәулетбеков – Азия чемпионатының үш дүркін чемпионы. Ол 2022-2024 жылдары құрлық додасында үздік шыққан. Сондай, Азия біріншлігінен күміс (2017 жыл) және қола (2018 жыл) жүлде иеленген.

Аммандағы Азия чемпионатының соңғы жарыс күнінде сынға түскен Нұрқожа Қайпанов (74 кг) пен Болат Сақаев (86 кг) финалға жолдама алды. Сондай-ақ, 61 кеілде Балғабай Мұхамед (61) пен Нұрсұлтан Азов (125 кг) іріктеу кезеңінде сүрініп, жүлдеден тыс қалды.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам