
Америкалық файтер Шавкат өз мүмкіндігін жіберіп алды деп есептейді
Егер қазақстандық Шавкат Рахмоновқа чемпиондық жекпе-жек берілмесе, рейтингте алтыншы орында тұрған Хоакин Бакли онымен кездесуге дайын екенін мәлімдеді. Америкалық файтер Шавкат өз мүмкіндігін жіберіп алды деп есептейді.
«Шавкатқа екі мүмкіндік берілді, бірақ екеуінде де өзін көрсете алмады. Чемпиондық жекпе-жекке үміткер болу үшін сыртта жай қарап отыруға болмайды. Егер қайта оралып, титул үшін емес, басқа жекпе-жекке шығатын болсаң - менімен төбелес», - деді Бакли.
Чемпиондық жекпе-жек 11 мамыр күні таңертең өтеді: Белал Мұхаммад титулын бесінші нөмірдегі Джек Делла Маддаленаға қарсы қорғайды. Ол жарақат алған Шавкаттың орнына шықпақ.
Бұған дейін Рахмонов UFC ұйымынан чемпиондық жекпе-жектің жеңімпазымен жылдың екінші жартысында кездесуге уәде алғанын айтқан еді. Алайда наурыз айында жартылай орта салмақта жаңа көшбасшы пайда болды — Шон Брэди бұрынғы чемпион Леон Эдвардсты жеңіп, рейтингте бірінші орынға көтерілді.