Винисиус екі жылға футболдан шеттетілуі мүмкін

23.04.2025, 13:18

Футболшы бірнеше кәсіби футбол клубын сатып алу процесіне қатысқан

Винисиус екі жылға футболдан шеттетілуі мүмкін
Globallookpress

Мадридтік «Реал» футбол клубының жұлдызды шабуылшысы Винисиус Жуниор екі жылға футболдан шеттетілуі мүмкін. Бұл туралы танымал спорт журналисі Джанлука Ди Марцио өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.

Себебі ойыншы бірнеше кәсіби футбол клубын сатып алу процесіне қатысқан. Бұл келісімдер футболшының әкесі әрі агенті Тассило Соарешке тиесілі ALL Agenciamento Esportivo компаниясы арқылы жүзеге асырылған.

Алайда Винисиустың кәсіби футболшы екені бұл мәмілелерде мүдделер қақтығысын туындатуы мүмкін.

2024 жылғы 7 сәуірде Tiberis Holding do Brasil компаниясы Винисиусқа қарсы ФИФА-ның Әдеп комитетінің Тергеу палатасына ресми шағым түсірді. Бұл компанияны Вилли Франсезе басқарады және оның иелігінде «Атлетика Сан-Жуан-дель-Рей» клубының 16,5% акциясы бар.

Tiberis Holding аталмыш клубтың бақылау пакетін иемдену үшін артықшылықты сатып алу құқығын пайдаланбақ болған. Алайда ALL Agenciamento Esportivo компаниясы акцияларды тікелей сатып алып, клубты қарамағына алған. Бұл жағдай Tiberis Holding do Brasil компаниясының наразылығын туғызып, олар мәселені халықаралық деңгейде қарау туралы шешім қабылдаған.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам