Әлемдегі ең бай 50 спортшының тізіміне 7 боксшы кірді

23.04.2025, 10:12

Олардың қатарында Геннадий Головкин жоқ

Әлемдегі ең бай 50 спортшының тізіміне 7 боксшы кірді
Getty Images

Солтүстікамерикалық таныма Sportico басылымы тарихтағы ең дәулетті 50 спортшының тізімін жариялады. Олардың қатарында тек 7 боксшы ғана бар.

Белгілі болғандай, боксшылардың арасында ең көп табыс тапқан америкалық кіші Флойд Мейвезер екен. Ол тізімнің оныншы сатысына жайғасқан. Жиған дәулеті – $1,52 млрд. 

19-орында 965 млн долларымен Майк Тайсон тұр. Десе де, «темір Тайсонның» дәл қазір мұндай үлкен көлемде ақшалай қоры жоқ екені айтпаса да түсінікті.

Филиппиндік даңқты боксшы Мэнни Пакьяо да мансабының шыңында жүргенде ең көп табыс тапқан спортшылардың бірі болған. Оның осы күнге дейін тапқан қаражатын мамандар 775 млн долларға бағалап отыр.

Мексикалық Сауль Альварес пен жуырда ғана қайтыс болған америкалық Джордж Форман тізімде 27-ші орынды өзара бөлісіп тұр. Екеуінің де табысы 730 миллион доллардан.

31-орында – Оскар де ла Хойя ($705 млн) және 42-орында Эвандер Холифилд ($650 млн).

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам