Ол 63,5 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсетеді
Италиядағы лицензиялық турнирге параллель Черногорияда жастар арасындағы әлем кубогы өтті. Будва қаласындағы байрақты бәсекеде қазақстандық өрендер өте сәтті өнер көрсетті.
Атап айтқанда, орта салмақта Махмұд Сабырханның туған інісі Төрехан Сабырхан жасындай жарқылдап, алтын жүлдегер атанды. Тіпті, жарыстың ең үздік боксшысы деген арнайы сыйлықты жеңіп алды.
Бұған қоса, елордалық Әлмұхаммед Ахметов күміс жүлдеге қол созды. Ерболат Сейдалиев пен Ердәулет Рахметов шәкірті финалға дейін жетіп, ақтық сында ғана есе жіберді. Кейін дәл осындай жетістікке жартылай орта салмақтағы Диас Серікұлы мен аса ауыр салмақтағы Бексұлтан Қайратұлы қол жеткізді. Бұған қоса, ұлттық құрама қоржынында 5 қола бар. Керемет жетістік. Құтты болсын!