Бокстан ерлер құрамасы Олимпиадаға әзірге 6 жолдама алды
Боксшыларымыздың әлеуетіне қатысты сұраққа Бақтияр Артаев осылай жауап берді. «Кемі 1 алтын алатынымыз анық. Тіпті, 2-еу де болып қалуы мүмкін. Жігіттерге сенемін» - дейді. Олимпиада чемпионымен ашық сұхбат құрып, көкейде жүрген біраз сауалды қойдым. Біраз мәселені көтердік. Біраз есімдерді де атадық.
Сөздері кесек-кесек. Нағыз азамат. Әттең, қазір кішкене жырақтау кетіп, болмайтын проблемалармен алысып жүр. Бәкеңнің негізі майданы мына жақта ғой. Отандық спорттағы былықтарды реттеуге осындай тік мінез керек. Тіпті, бірнеше «Бақтиярды» әкеліп, парша-паршасын шығаруға болады. Әңгіме барысында осындай ой түйдім. Біздің қолдан келері ақпараттық қолдау қана.
Айтпақшы, бүгін оның туған күні. 41-ге келіп жатыр. Тілектеріңізді осында қалдырсаңыз болады. Кейін жазбама бір үңіліп, комменттерді де оқып шығарына сенімдімін. Туған күн құтты болсын, ЧЕМПИОН!!!