«Ақтөбе» футбол клубы тасқыннан зардап шеккендерге көмектесті

Редактор
01.04.2024, 14:10

Өзгелері әлі үнсіз…

"Ақтөбе" ФК

Күшіміз – бірлікте. «Ақтөбе» футбол клубының ойыншылары жасыл алаңға осындай жейдемен шықты. Қазақстан жоғары лигасының 3-ші тур аясындағы ойын Ақтөбе қаласында өткен еді. Жергілікті команда астаналық «Жеңісті» 3:0 есебімен ұтты. Айтпағым, алаң иелері су тасқынынан зардап шеккендерге барынша қолдау тынытып жатыр. Тіпті, билет сатылымынан түскен қаражатты төтенше жағдайдан жапа шеккендерге аудару туралы шешім қабылдады. Өкініштісі, басқа футболшылардан, жалпы басқа спортшылардан осындай қадамдарды байқамадым. Әзірге бәрі үнсіз...