Токио Гранд слэмінде Қарағанды қаласының тумасы чемпион атанды

Редактор
04.12.2023, 10:30

Ол 2024 жылғы Олимпиада ойындарының басты фавориті саналады

Фото ашық дереккөзден

Токиода дзюдодан аяқталған Гран слэм бәсекесінде 73 келіде Қарағанды қаласының тумасы жеңіске жетті. Әзірбайжан құрамасы атынан күресетін Хидаят Гейдаров аталған сында үздік шығып отыр. 

Ол финалда әлемдік рейтингте 3-ші орында тұрған жапониялық Соиши Хашимотоны ұтты. Өз салмағында әлемде 5638 ұпаймен үздіктер көшін бастап отырған Хидаят әзірбайжан құрамасының негізігі үміті саналады. Оның өз еліндегі басты бәсекелесі, Рио олимпиадасың күміс жүлдегері Рустам Оруджев бүгінде спорттық мансабын аяқтаған.  

Хидаят Гейдаров осыған дейін әлем чемпионатында үш рет қола жүлдегер атанған-тын. Сондай-ақ, Еуропа біріншілігін үш рет ұтып, бір рет күмісті місе тұтты.

Айта кететін бір жайт, Гейдаров 1997 жылы Қарағанды қаласында дүниеге келген. Кеншілер астанасында кіндік қаны тамған ол 3 жасында ата-анасымен бірге тарихи отанына қоныс аударды.