Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Облыс әкімдері спорт басқармаларының басшысын тағайындау құқығынан айрылмақ

Редактор
05.11.2024, 17:26

Бұл өңірлердегі спорттың дамуына оң ықпалын тигізуі тиіс

Эхо Казахстана

Бұдан былай облыстық спортқа жауапты басқарма басшыларын әкімдер емес, арнайы комиссия тағайындайды. Осындай өзгеріс енгізіліп жатыр. 

Мемлекет басшысы спорт саласындағы барлық деңгейдегі басқару вертикалін қалпына келтіру жөнінде тапсырма берген еді. Енді құзырлы ведмоство іске кірісті. Комиссия жұмысына жаңа министр Ербол Мырзабосынов жетекшілік етеді.

Комиссия үміткерлерді нақты талаптар бойынша бағалайды. Әсіресе, саладағы тәжірибесі мен арнайы жоспарының болуы, сондай-ақ спорт ғылымының негізі мен менеджментін меңгергені ескеріледі. Қалай болғанда да, мұз орнынан қозғалды. Бұған дейін әкімдер өзінің қалаған адамын қойып, қалаған бағыттарға ғана ақшаны жұмсап келген. Салдарынан кей аймақтарда спортқа мүлде қатысы жоқ адамдар креслоға отырып, саланың дамуын, тіптен, тұралатып тастады. Енді оң өзгерістер күтеміз. 

Басқарма басшылығына нақты қолынан іс келетін және өзіндік принципі бар, жалтақтамайтын, жалпылдамайтын, қазақша сөйлейтін, қазақша ойлайтын және қазақ деп жүрегі соғатын нағыз мамандар келеді деп үмітенеміз...

Жарнама
Жарнама