Қырғыз балуандары несімен мықты? Шенеуніктер балуандарды алалайды – Жәмила Бақбергеновамен сұхбат

22.11.2024, 13:12

Даңқты балуан қыз 2028 жылы Олимпиадаға баруды өзіне мақсат еткен

коллаж: 1bol.kz

Қазақстан тарихында төрт бірдей әлем чемпионатына қатысып, жүлде алған балундарды бір қолдың саусағымен санауға болады. Сондай мықтылардың бірі – Жәмила Бақбергенова. Ол қыздар күресінен әлемнің үш дүркін күміс және бір дүркін қола жүлдегері. Жуырда ғана Албания астанасында өткен Әлем біріншілігінен ол олжамен оралды.

Бір қызығы, осындай даңқты балуан қызға не билік тарапынан, не кәсіпкерлер тарапынан қолдау жоқ. Неге деген сұрақты Жәмиланың өзіне қойып көрдік.

Сондай-ақ, оның алдына қойған мақсаты мен жоспары туралы бүгінгі шығарылымда сөз болды! Жәмила бірінші кезекте 2028 жылғы Олимпиада ойындарына баруды көздейтінін айтып отыр. Сол мақсатына жету үшін қолдан келгеннің бәрін жасамақ.

Федерациядағы интрига, балуанның жеке өмірі және жылқыға деген махаббаты туралы осы сұхбат барысында сөз болды.