Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Күрес федерациясы мен еркін күрес бапкерлерінің жұмысына нөл деген баға беремін – Ақжүрек Таңатаров

27.01.2025, 11:07

Ол еркін күрес бапкерлерінің жұмысына да көңілі толмайтынын ашып айтты

Архив: olympic.kz

Еркін күрестен 2012 жылғы Лондон Олимпиадасының қола жүлдегері, Азия ойындарының чемпионы Ақжүрек Таңатаров еліміздегі еркін күрестің дамуына көңілі толмайтынын ашып айтты. 1bol.kz тілшісіне сұхбат берген экс-балуан Париж Олимпиадасына Ризабек Айтмұқанды апаруы керек еді деген пікірін айтты.

– Ақжүрек, еліміздегі еркін күрестің қазіргі беталысына қандай баға бересіз?

– Еркін күрестен балуандарымыз 2012 жылдан бері ауыз толтырып айтарлықтай ешқандай нәтиже көрсетіп жатқан жоқ. Ал шеттен келген легионерлердің жетістігін есепке алудың қажеті жоқ. Себебі олар келіп, ақшасын алып, қайта кететін адамдар. Мысалы Нурислам Санаев келді, Ислам дінін қабылдап, Қазақстан азаматтығын және ақшасын алып, кейін еліне қайта оралды. Қазақтарға ешбір пайдасы тиген жоқ. Сондықтан федерация мен бапкерлер құрамасына нөл деген баға беремін.

– Нәтиже жоқ дейсіз, Ризабек Айтмұқанның жетістігін қайда ысырып қоямыз? Ересектер арасында қазақ тарихында тұңғыш рет әлем чемпионы атанды, жастар арасында әлем чемпионы атанды.

– Бізде басты назар аударатын жарыс – төрткүл дүние көз тігетін  Олимпиада ойындары. Тіпті мемлекет басшысы да еліміздегі спорт саласының даму барысына осы Олимпиада ойындарынан кейін баға берді. Оның үстіне, Олимпиада ойындары төрт жылда бір-ақ рет болады. Сондықтан бұл бәсекенің бәсі де жоғары. Ал әлем чемпионаттары жыл сайын болады. 

Ризабек Айтмұқанға келер болсақ, ол – еркін күрестен әлем чемпионы болған бірінші қазақ. Бірақ федерация мен бапкерлер Ризабекті Олимпиада ойындарына дайындау керек еді. Ризабектің Олимпиадаға бармай қалуы – федерацияның үлкен қателігі деп ойлаймын. Себебі әлем чемпионатын жеңіп тұрған балуан Олимпиада ойындарында тым құрығанда қола жүлде алатын еді.

– Ризабек Айтмұқанның белдесіп жүрген салмағы Олимпиадалық салмақ емес. Салмақ ауыстырып, қалпына келе алмай қалды деп жатыр…

– Бұл спорт. Спортта білімді, сауатты жаттықтырушылар дұрыс дайындап, жаттықтырса балуандар салмақ ауыстыруға дайындалып, қажетті уақытта жаңа салмаққа үйренуге мүмкіндік болар еді.

– Әңгімеңізге рахмет!

Жарнама
Жарнама