Олар енді азаматтығын қайта өзгерте алмайды, жарыстарға да қатыса алмайды
Болгария атынан күресіп келген Олимпиада чемпиондары – ресейлік Магомед Рамазанов пен украиналық Семен Новиковтың тағдыры Иран мен АҚШ-та талқылана бастады. Болгария күрес федерациясының жаңа басшысы Станка Златева оларды болгар тілін құрметтемейді деген желеумен құрама сапынан шығарып тастаған болатын.
Магомед Рамазанов пен Семен Новиковтың спорттағы тағдыры расымен де қандай болады? Осы сұраққа жауап іздеп көрдік.
Болгар күресінде не болып жатқанын түсіну қиын. Бұл мәселелердің түп-тамыры өткен наурызда Күрес федерациясының басшысын сайлауда Златева Станканың сайлануына байланысты. Златева – Болгарияның ең атақты балуандарының бірі, екі дүркін Олимпиаданың күміс жүлдегері және бес дүркін әлем чемпионы. Күрес федерациясының басшысын сайлау болгар күресін екіге жарды. Жергілікті кәсіпкерлер Ганчев пен Златева Станка арасындағы бәсеке өте қатал болды. Жеңіске жеткен Станка ұлттық құрама бапкерлері Сослан Фарниев, Валентин Ангелов және Мирослав Гочевті қызметінен босатты. Алдағы уақытта ұлттық құраманы жасартып, шетелдік спортшыларды шақырмай, жаңа жоспар құрды. Соңында Олимпиада чемпиондары Магомед Рамазанов пен Семён Новиков көп жарыстарға қатыспайды деген бірінші шешім қабылдады.
Дүниежүзілік спорт конфедерациясының ережесіне сәйкес, спортшы спорттық мансабында бір рет қана азаматтығын өзгерте алады. Демек, болгар төлқұжатын алған Рамазанов пен Новиковқа енді еліне қайтып, күресуге рұқсат етілмейді. Енді олардың алдында екі таңдау қалды: мансабын аяқтау немесе сотқа жүгіну.
Әрине, бұл мәселеге Біріккен күрес әлемінің өкілдері араласуы керек. Егер қос балуанға болашақта жарыстарға қатысуға рұқсат берілмесе, олар Спорттық арбитраждық сотқа шағымдануға құқылы.