Қосалқы құрамға ену үшін – $5 000, негізгі құрам үшін – $10 000: журналист спорттағы коррупция туралы

Редактор
16.10.2023, 00:58

Бұл салада рушылдық пен жершілдік те қозып тұр дейді ол

Qasqa jol

Отандық спорт журналисі Аслан Қаженов «Қасқа жол» YouTube каналына берген сұхбатта отандық спорттың былығы туралы айтты. Оның сөзінше, коррупция мен трайболизм бұл саланы да айналып өтпепті.

Мәселен, балалар арасындағы футболда қосалқы құрамға ену үшін – 5 мың доллар, ал жасыл алаңда доп тебемін дейтіндерден – 10 мың доллар сұрайтын көрінеді.

«Таныс-тамырлық деген елдегі спортта бар. Мысалы осы Азиаданы қорытындылап, неше түрлі сұхбаттар болып жатыр. Талқылаулар болып жатыр. Біз неге ашық айтпаймыз?! Бізде жемқорлық бары жасырын емес. Оралдан, Атыраудан, Жетісудан хабарласады, бапкер өзінің екі қызы үшін бізді құрамадан шығарып тастады деп айтқандар болды. Ақша сұрайтындар бар деп те хабарласады. Көлікке құятын солярка бермей, салдарынан жарысқа бара алмай отырмыз дегендер де болды. Іштегі жағдай іріп жатыр», - дейді А.Каженов.

Оның пікірінше, «ауруын жасырған өледі». Сондықтан, проблеманы осылай ашық айтып, ертерек шешпесе, отандық спортта біз күткен жетістіктер болмайды.