Рамунас Цвирка «Астана» клубқа 2025 жылдың маусымында келген
«Астана» баскетбол клубының бас бапкері Рамунас Цвирка өмірден өтті.
Клубтың баспасөз қызметі оның 59 жасында дүниеден озғанын ресми түрде мәлімдеді.
«Астана» баскетбол клубы бас бапкер Рамунас Цвирканың қайтыс болғанын хабарлайды. Ол саналы ғұмырын баскетболды дамытуға арнаған білікті де тәжірибелі маман еді. Оның жетекшілігімен команда жоғары кәсіби деңгейін көрсетіп, әрдайым нәтижеге ұмтылды. Цвирканың клуб пен ойыншылардың қалыптасуына қосқан үлесі орасан зор. Клуб ұжымы, ойыншылар мен басшылық марқұмның отбасы мен жақындарына қайғырып, көңіл айтады», – делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, Рамунас Цвирка «Астана» клубының тізгінін 2025 жылдың маусымында ұстаған еді. Бапкерлік жолын ол 2004 жылы Литва чемпионатында бастап, 2008 жылы «Азовмаш» клубында ассистент-бапкер ретінде Украина Суперлигасының чемпионы атанып, ел кубогын жеңіп алуға үлес қосты.