Жарнама
Жарнама

Әйгілі Джеймс Леброн мансабын «Филадельфияда» жалғастырады

Редактор
Бүгін, 11:03

«Сиксерспен» Леброн 8 млн долларға екі жылдық контракт жасасқан

Patrick Smith / Getty Images Sport

NBA-ның төрт дүркін чемпионы, «Лос-Анджелес Лейкерстің» аңызына айналған 41 жастағы Джеймс Леброн мансабын «Филадельфия Сиксерс» клубында жалғастыратын болды.

Айта кетейік, соңғы маусымда Леброн «Лэйкерспен» бірге плей-офф кезеңіне шығып, «Оклахомадан» жеңілген болатын. Мұнан кейін ардагер баскетболшы клубтан кететінін мәлімдеп, еркін агент ролінде басқа командалармен келіссөздер жүргізе бастады.

ESPN сарапшысы Шэмс Чаранияның мәліметінше, «Сиксерспен» Леброн 8 млн долларға екі жылдық контракт жасасқан. 2026/2027 жылғы маусымда баскетболшы $ 3 876 529 иемденсе, келесі жылғы маусымда оған $ 4 070 355 беріледі.

Джеймс Леброн «Лос-Анджелес Лейкерс» сапында 2018 жылдан бері ойнаған. Ол 2020 жылы клубпен бірге NBA-ның чемпиондық титулын жеңіп алды.

Жалпы, Леброн NBA тарихында ең көп ұпай жинаған сұрмерген (43 440). Ол АҚШ құрамасымен бірге Олимпиада ойындарына төрт рет қатысып, соның үшеуінде чемпион атанған және бірінде қола жүлде жеңіп алды.

Реклама
Реклама