ВТБ лигасының Жұлдыздар матчтында афроамерикалық баскетболшы қазақша шапанмен ойнады (ВИДЕО)

Редактор
20.02.2024, 09:29

Жұлдыздар матчтында биыл Қазақстанның төрт баскетболшысы өнер көрсетті

instagram.com/astanabasket

ВТБ Бірыңғай лигасының Жұлдыздар матчтына «Астана» клубының жаңа ойыншысы Джордан Скиппер-Браун шапан киіп келіп, матч алдындағы шоуда өнер көрсетті.

Жыл сайын өтетін дәстүрлі Жұлдыздар матчына биыл да Шығыс және Солтүстік Еуропа лигасының ең үздік ойыншылары қатысты. Аталған матчта тарихта алғаш рет Қазақстанның төрт баскетболшысы өнер көрсетті.

Атап айтқанда, Ройс Хэмм, Маркелл Джонсон және Карвел Андерсон «Астананың» экс-бапкері Эмил Райковичтің (қазір ЦСКА бапкері – авт.) командасына алынса, Скиппер-Браун данк-контест бөлімінде сайысты. Ол өзіне берілген екі мүмкіндікті де сәтті пайдаланып, 99 ұпай жинады және қарсыласы Евгений Белянковты жеңіп кетті.

Материалда: